Өңірлік экологиялық саммит аясында Астана қаласында «Орталық Азияның жасыл көшуі» тақырыбында Жасыл инвестициялық форум өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ бизнес қауымдастық қатысты.

Іс-шара шеңберінде өткен «GreenTech Connect: жасыл технологияларды кім сатып алады және жасыл жобаларға тапсырыс берушілер» атты секцияда Қызылорда облысы әкімінің орынбасары А. Зебешев баяндама жасады. Ол өз сөзінде өңірдегі жасыл жобаларды іске асыру тәжірибесі мен мемлекеттік қолдау тетіктері туралы айтып өтті.

Бүгінде облыста жалпы қуаттылығы 130 МВт күн электр станциялары жұмыс істейді. Ал 2026–2028 жылдары 260,5 МВт болатын 6 күн және 2 жел станциясын іске қосу жоспарланған.

Өңірде сондай-ақ ірі энергетикалық жобалар жүзеге асуда. Олардың қатарында “AKSA ENERGY Qyzylorda” жылу электр орталығы (240 МВт) және Самұрық-Энерго бу-газ орталығы (1100 МВт) бар.

Қалдықтарды қайта өңдеу саласында кореялық With you E&C Qyzylorda (37,8 млрд теңге), шыны қалдықтарын қайта өңдеу арқылы жылына 240 млн бөтелке өндіретін “Seven rivers technologies” (60 млрд теңге), ал агроөнеркәсіпте HARVEST AGRO (68 млрд теңге) жобалары іске асырылуда.

Жалпы, Қызылорда облысының табиғи ресурстық әлеуеті мен инфрақұрылымы жасыл экономиканы дамытуға және инвестиция тартуға қолайлы жағдай қалыптастырып отыр.

БӨЛІСУ