2026 жылғы 19 сәуір күні өңірімізде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық акциясы өтеді.

Аталған шараның негізгі мақсаты – тарихи-мәдени ескерткіштерді, киелі орындар мен қорымдар аумағын абаттандырып, тазалығын сақтау арқылы ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру.

Туған жердің әрбір қасиетті орны – кейінгі ұрпаққа аманат. Сол аманатқа адалдық таныту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы орайда, барша тұрғындарды акцияға белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғауға және рухани құндылықтарды дәріптеуге үлес қосуға шақырамыз.

Бірлігіміз жарасқан ел ретінде туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне бірге атсалысайық!

БӨЛІСУ