Облыстық мәслихат депутаттарының жұмыс сапары Қармақшы ауданында жалғасты. Жұмыс тобына депутат Садық Мұстафа жетекшілік етті.
Сапар барысында халық қалаулылары ауданның спорт саласына жауапты мамандармен, спорт ұйымдарының өкілдерімен және балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің басшыларымен кездесті. Кездесуде өңірдегі бұқаралық спортты дамыту мәселелері жан-жақты талқыланып, оны жетілдірудің тиімді жолдары қарастырылды.
Жиын барысында спорт нысандарының қазіргі жағдайы мен олардың материалдық-техникалық базасы да сөз болды. Әсіресе, ауылдық елді мекендерде спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасау қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысында саладағы жүйелі жұмысты күшейту және спорт инфрақұрылымын дамыту алдағы кезеңде де басым бағыттардың бірі болатыны атап өтілді.
