Педагогтерді аттестациялаудың жаңа моделі әзірленуде.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттау жүйесін жаңғырту бағытында бірқатар маңызды өзгерістер енгізуде. Реформаның басты мақсаты – ұстаз еңбегін әділ, ашық және артық талаптарсыз бағалау жүйесін қалыптастыру.

Негізгі өзгерістер:

  • Педагогтердің білімін бағалау тесті (ПББ) толығымен алынып тасталады
  • Тестілеу тек: жаңа бітірген жас мамандарға,үзілістен кейін жұмысқа қайта оралған педагогтерге, білім беру ұйымдарының басшылары мен әдіскерлеріне ғана сақталады.
  • Біліктілік санатын алу тәртібі:
    Кемінде 2 жыл үздіксіз еңбек өтілі бар педагогтер өтініш бере алады.
    Бағалау тек практикалық нәтижелерге негізделеді, атап айтқанда:

    • мұғалімнің портфолиосы
    • оқушылар жетістігі
    • оқу-тәрбие жұмысының сапасы

Қосымша өзгерістер:

  • Авторлық бағдарламалар мен оқу-әдістемелік жұмыстарды ұсыну талабы алынып тасталады
  • ПББ қайта тапсыру (ақылы түрде) жойылды
  • Бұрын төленген қаражат толық қайтарылады

Жаңа жүйе 2027 жылдан бастап күшіне енеді.

Оған дейін:

  • Қажетті балл жинай алмаған педагогтердің санаты мен үстемақылары сақталады
  • Аттестаттау 2026–2027 оқу жылына ауыстырылып, жаңа ереже бойынша өтеді
  • ПББ енді аттестаттаудың міндетті шарты болмайды

 Қазіргі уақытта жаңа форматтың нақты қағидалары әзірлену үстінде.

БӨЛІСУ