Қазақстанда мектеп бітіру кештерін өткізу тәртібі қатаңдатылмақ. Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері бірлесіп жаңа талаптарды енгізуді жоспарлап отыр.
Енді түлектердің қоштасу кеші бұрынғыдай даңғазалы форматта өтпеуі мүмкін. Аттестат табыстау тек мектеп қабырғасында өтеді. Оқушылар мен ата-аналардан ақша жинауға толық тыйым салынады. Мейрамхана, кафе, коттедж сияқты орындарда бітіру кешін өткізуге рұқсат жоқ.
Ресми мәліметке сәйкес, бұл талаптар: оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, құқықтарын қорғау, түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін қабылданып отыр.
Жергілікті әкімдіктерге: шығынсыз, тәрбиелік мәні бар, мәдени-ағартушылық бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыру тапсырылмақ.
Ал полиция: қоғамдық тәртіпті күшейтіп, түлектердің қауіпсіздігін қадағалайды.
Қысқасы, биылғы бітіру кештері бұрынғыдай «шоу» емес, қарапайым әрі бақылауда өтеді.
