КЕНЕНІ УЛАУ БАСТАЛДЫ

Қызылорда қаласында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталады.

Қызылорда қаласы бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының табиғи ошақтарында 2026 жылғы көктемгі эпидемиологиялық маусым аясында залалсыздандыру (дезинфекция, дезинсекция) жұмыстары жүргізіледі.

Аталған шаралардың негізгі мақсаты – инфекция тасымалдаушы кенелердің санын азайту, аурудың таралуының алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

 Жұмыстар кестесіне сәйкес:

  • өңдеу жұмыстары елді мекендерде, мал қораларында, аулаларда және қауіпті аймақтарда кезең-кезеңімен жүргізіледі;
  • арнайы мамандандырылған қызметтер тартылып, қауіпсіздік талаптары толық сақталады;
  • әр аумақ бойынша нақты мерзімдер бекітіліп, тұрғындарға алдын ала хабар беріледі.

Тұрғындарға ескерту:

Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетін күндері қауіпсіздік шараларын сақтап, мамандардың нұсқауларын орындау қажет.

БӨЛІСУ