Поезидент Ақордада ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттады.
Президент Италияда өткен дода Қазақстан үшін табысты болғанын атап өтіп, Ербол Хамитовтың алтын және қола медаль жеңіп алғанын айтты. Мемлекет басшысы спортшының жеңісін тарихи жетістік деп бағалап, оның қайсарлығы мен табандылығы ел мерейін асқақтатқанын жеткізді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев чемпион дайындауда бапкерлердің еңбегін ерекше атап өтіп, барлық мамандарға алғыс білдірді. Оның айтуынша, параспортшылардың жетістігі – өскелең ұрпаққа үлгі.
Жиын барысында Президент Әділетті Қазақстан құру жолындағы негізгі құндылықтарға тоқталып, жаңарған Конституция елдің дамуына және азаматтардың мүмкіндігін кеңейтуге бағытталғанын атап өтті.