Бүгін референдумға мен де бардым. Ұлым екеуміз.
Ел тағдырына қатысты маңызды сәтте оны да ертіп баруды жөн көрдім.
Өйткені бүгінгі таңдауды біз өзіміз үшін ғана емес, балаларымыздың болашағы үшін жасап жатырмыз. Ертеңгі күн – солардың күні.
Біз бүгін дұрыс шешім қабылдауға, қателеспеуге тиіспіз. Себебі әрбір дауыс – елдің ертеңіне қосылған үлес.
Балаларымыз бейбіт, тұрақты, жарқын елде өмір сүрсе екен деген ниетпен өз таңдауымызды жасадық.