РЕФЕРЕНДУМ ҚАРСАҢЫНДА ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР ФЕСТИВАЛІ ӨТУДЕ

15 наурыз күні өтетін жалпыұлттық референдум қарсаңында «Көне дәстүр күмбезі» VI дәстүрлі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар фестивалі басталды.

Фестиваль барысында ауданға қарасты ауылдық округтердің көркемөнерпаздары халқымыздың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сахналық көріністер арқылы көпшілікке таныстыруда.

Ұлттық ойындар мен дәстүрлі әуендер үйлесім тапқан қойылымдар фестивальдің мазмұнын байытып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Фестиваль аясында М.Шәменов ауылының өнерпаздары да ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеп, мазмұнды сахналық көріністер ұсынды. Өнерпаздардың қойылымдары қазақ халқының бай мұрасы мен рухани құндылықтарын көрсетті.

БӨЛІСУ