Сұмдық жағдай: Жеке үйден  үш жыл жатқан мәйіт табылды.

Павлодар облысының Майқайың кентінде көршілес екі тұрғын үйден екі адамның мәйіті табылды.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, марқұмдар ұзақ уақыт жатқан сыңайлы. Бейресми дерек бойынша мәйіттердің бірі шамамен үш жылға жуық уақыт хабар-ошарсыз кеткен.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, өлім себептері анықталуда. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

БӨЛІСУ