БҮГІН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР

Қызылорда облысында 14 қаңтар сағат 20:00-ден 15 қаңтар сағат 20:00-ге дейін дауылды ескерту күшінде болады.

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мәліметінше, 15 қаңтарда түнде облыстың оңтүстігі мен орталығында қар жауады. Күндіз жауын-шашын күтіледі, басым бөлігі – қар. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ пен бұрқасын болады.

Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады. Түнде желдің жылдамдығы 15–20 м/с-ке дейін жетсе, күндіз облыстың орталығы мен солтүстігінде де 15–20 м/с болады деп болжануда.

Қызылорда қаласында 15 қаңтарда күндіз қар аралас жауын-шашын, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман түседі. Жел шығыстан соғып, түнде 15–20 м/с-ке дейін күшейеді.

БӨЛІСУ