8 қаңтарға қараған түні пышақ жарақаттарының салдарынан Қызылорда қаласының тұрғыны және оның 34 жастағы қызы көз жұмды,-деп хабарлайды Полиция департаменті.
Оқиға туралы полицияға қаза тапқандардың көршілері хабарлаған.
Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция экипажы күдіктіні қылмыс орнында ұстады.
Ұсталған азамат — жәбірленушілердің көршісі.
Аталған дерек бойынша адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
“Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында”,- деген ресми хабарламада.

БӨЛІСУ