Қызылорда облысында тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлардың кәсіби шеберлігін арттыру, озық тәжірибелерін насихаттау, инновациялық жобаларды қолдау және педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында «Үздік тәрбие орынбасары – 2025» облыстық байқауы өтті. Байқау Облыстық білім кәсіподағының қолдауымен жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында ұйымдастырылды.
Байқау бірнеше кезең бойынша өтті: қатысушылардың кәсіби деңгейі, ұйымдастырушылық қабілеті, тәрбиелік іс-шараларды жүргізу шеберлігі және инновациялық жобаларын көрсетуі сарапқа салынды.
Байқауға ауданымыздың атынан қатысқан #292 “Келешек” мектебінің тәрбие орынбасары Ембергенова Әсем Салауатқызы- ІІІ орынға лайық деп танылды. Оның кәсіби шеберлігі, жаңа әдістемелерді қолдану қабілеті және оқушылармен тығыз қарым-қатынасы жоғары деп бағаланды.
Алдағы уақытта Әсем Салауатқызы облыстың намысын республика деңгейінде қорғайтын болады. Бұл жетістік тек жеке табыс қана емес, сонымен қатар аудан мен облыс педагогтарының кәсіби дамуы мен тәрбие ісінің дамуына қосылған елеулі үлес болып табылады.