Ауданымызда жасөспірімдерді, Ассамблея жастарын патриоттық рухта тәрбиелеу, туған өлкенің тарихын дәріптеу және ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында жасөспірімдер арасында танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушылар ауданның тарихи орындарын аралап, Руханият орталығындағы музей жәдігерлерімен танысты. Оған қоса, жастарға өңір тарихын, мәдени мұраны және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани құндылықтарды таныстыру мақсатында тарихи-мәдени ескерткіш Беркінбай кәлпе кесенесіне экскурсия жасалды.
Экскурсия – жасөспірімдердің өз өлкесінің тарихына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық және рухани бірегейлікті нығайту, сондай-ақ этносаралық келісім мен ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.