Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтарды болдырмау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түнгі уақыттағы қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қала аумағында түнгі рейдтік жұмыстар ұйымдастырылуда. Қала әкімдігі жанынан арнайы бекітілген жұмысшы топ қоғамдық орындардағы жасөспірімдердің қозғалысы мен қауіпсіздігін жіті бақылауға алуда.
Шарада түнгі уақытта заң талаптарын бұзған жағдайлар тіркелсе, ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңнамалық жауапкершілік ескертілді. Сонымен қатар, жасөспірімдердің қауіпсіз ортада уақыт өткізуі, олардың құқықтары мен міндеттері туралы айтылды.
Тұрғындарды балалардың кешкі уақыттағы жүріс-тұрысына аса жауапкершілікпен қарауға, қоғам болып тәртіп пен қауіпсіз ортаны қалыптастыруға шақырамыз.
