АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін  Руханият орталығында Ақсақалдар кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді. Жиынды Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асылбек Тәуіпбаев жүргізді. Іс-шараға Ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбет, сондай-ақ Ақсақалдар кеңесінің толық құрамы қатысты.

Отырыс барысында күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қаралды. Атап айтқанда, ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ 2026 жылға арналған жоспар бойынша атқарылатын шаралар талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жасұлан Ерданұлы өңірдегі этносаралық ахуал бойынша баяндама жасап, алдағы жұмыс бағыттарына тоқталды.

Жиын соңында Ақсақалдар кеңесінің мүшелері өзара ой бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ қоғамдық келісімді нығайту, тәрбие мен тәртіп мәселелерінде бірлесіп жұмыс жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.

БӨЛІСУ