Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралды.
Жиын барысында аудан әкімі ауданның макроэкономикалық көрсеткіштерінің орындалуы, бюджет қаражатын тиімді жоспарлау және игеру, сондай-ақ 2026 жылға жоспарланған конкурстарды уақытылы жариялау мәселелері бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
«Жыл аяқталуға жақын. Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарлар нәтижелі жүзеге асуы тиіс. Уақыт тығыз, сондықтан жұмыс қарқынын арттырып, берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауда ұстаңыздар», – деді Ардақ Ибраимов.
Аудан бойынша 2025 жылдың 9 айында макроэкономикалық көрсеткіштеріне өсім қалыптасты.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 25,5 пайызғаартып, 30 млрд. 382 млн. теңгенің өнімі өндірілді.
Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі шаруашылықтардың күріш ақтау және «Өркен Әлем» ЖШС-нің өндірген өнімі есебінен 186,7пайызға артып, 11 млрд. 826 млн. теңгенің өнімі өндірілді (2024 жылдың 9 айында 9 558,6 млн.теңге).
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 101,0 пайызға орындалып 15 млрд. 516млн. теңгені құрады (2024 жылдың 9 айы 14 461,0млн. теңге).
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 23млрд. 685,1 млн. теңгені құрап, 101,1 пайызға орындалды.
Тұрғын үй көлемі 17 648 шаршы метр болатын 108 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100,7пайызды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 3 081,6 млн.теңгеболып, 100,0 пайызға орындалды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 111,9пайызға орындалып, 8 959,0 млн теңгені құрады.
Мәжіліс қорытындысымен кент және ауылдық округ әкімдеріне, сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалу мерзімі белгіленді.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі