ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: КЕНТ ПЕН АУЫЛДАРДА КҮЗГІ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жалағаш кенті мен ауылдық округтерде күзгі сенбілік жұмыстары жалғасуда.

Акция барысында көшелер мен тротуарлар, қоғамдық орындар, аяқсу арналары қураған шөп пен жапырақтардан тазартылып, ағаштар әктелді. Сонымен қатар, орындықтар мен қоршаулар, ғимараттардың қас беттері сырланып, жол белгілері, жол сызықтары жаңартылды.

 Аудан әкімі Ардақ Ибраимов сенбілік барысындағы жұмыстарды бақылап, тазалыққа жауапты мекемелерге қоқысты уақытылы шығару, көшелердің санитарлық жағдайын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ