ҰОС АРДАГЕРІ МӨРӘЛІ ШӘМЕНОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ДЗЮДОДАН ХХVI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Ауданымызда 21–22 қараша күндері Ұлы Отан соғысының ардагері, ел қорғауда ерлік көрсеткен батыр тұлға Мөрәлі Шәменовті еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған ХХVI республикалық турнир өз мәресіне жетті.

Игі дәстүрге айналған айтулы додада Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ұлытау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарынан келген 250-ге жуық жас спортшы 9 салмақ дәрежесі бойынша татами төрінде бақ сынады.
Екі күнге созылған тартысты бәсекеде жас балуандар өз шеберліктерін көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

БӨЛІСУ