Бүгін Қызылорда қаласында Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Таңғы сағат 08:00-де басталған жәрмеңкеде аудан еңбеккерлері өндірген табиғи әрі сапалы өнімдер қала тұрғындарына базар бағасынан 15-30 пайызға төмен бағамен ұсынылуда.
Жәрмеңкеге ауданнан 60 автокөлікпен 150 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Оның ішінде 40 тонна күріш, 30 тонна картоп, 20 тонна жуа, 10 тонна асқабақ, 10 тонна сәбіз,
сондай-ақ, қауын, қызанақ, қияр, бұрыш, қырыққабат, қызылша, алма, балық, ет, сүт өнімдері бар.
Бұдан бөлек, жәрмеңкеде мал азығы да қолжетімді бағамен сатылуда.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі