ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МӨРӘЛІ ШӘМЕНОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Ауыл шаруашылығы саласының көрнекті ұйымдастырушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғам қайраткері Мөрәлі Шәменов атындағы дзюдо күресінен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің алғашқы күні қорытындыланды.

Жарыс қорытындысына сәйкес, Қызылорда облысы дзюдо федерациясының Президенті, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, Қызылорда облысының «Ауыл» партиясының төрағасы Садық Мұстафаев, Қызылорда облысының «AMANAT» партиясының фракция жетекшісі Жорабек Нұрымбетов, Қызылорда облысы «Ақжол» партиясының төрағасы Бауыржан Сандыбаев, аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатов бес салмақ дәрежесінде боз кілемде сынға түсіп, бақ сынасқан жас спортшыларға арнайы дәрежелік диплом және медальдарын табыстады.

38 келі салмақ дәрежесінде І орынды Қызылорда облысынан келген спортшы Нұрдәулет Бақытбеков, ІІ орынды Түркістан облысынан келген Ерқанат Дүйсенбай, ІІІ орынды Түркістан облысынан келген Бексұлтан Сағындық, Жамбыл облысынан Сағадат Әбдіхали иеленді.

42 келі салмақ дәрежесі бойынша І орынды Жамбыл облысынан Әлішер Доктырбай, ІІ орынды Қызылорда облысынан Айболсын Жақсыбек, ІІІ орынды Қармақшы ауданынан Нұрдәулет Сәдубаев пен түркістандық Махамбет Жанайдар еншіледі.

46 келі салмақ дәрежесінде І орынды Түркістан облысынан Нұрдәулет Тұрарбек, ІІ орынды Жалағаш ауданынан Айбар Ермағанбет, ІІІ орынды Кентау қаласынан Азат Жұмағалиев, Аян Тәңірберген алды.

50 келі салмақ дәрежесі бойынша І орынға Қызылорда облысынан Сағи Еркінұлы, ІІ орынға қызылордалық Бағдәулет Балтабай жайғасса, ІІІ орынды қызылордалық Нұрдәулет Нұрланұлы, Нұрасыл Төлеген иеленді.

55 келі салмақ дәрежесінде күрескен спортшылардан І орынды Қызылорда облысынан Абылай Байнаш, ІІ орынды Жамбыл облысынан Ерасыл Ермекбай, ІІІ орынды Тасбөгет кентінен келген Нұрислам Аманбай, Жалағаш ауданынан Азамат Қалниязов алды.

©️Қоғамдық даму бөлімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ