ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қазіргі таңда Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) маңызы ерекше. Азаматтық қоғамның басты тіректерінің бірі саналатын бұл ұйымдар мемлекеттік құрылымдар мен халық арасындағы көпір іспетті. Қарағанды облысында да мұндай ұйымдардың белсенділігі жылдан жылға артып келеді. Олар әлеуметтік, экологиялық, жастар саясаты, мәдениет және білім саласында бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырып жүр.

«Қала әкімдігі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес» отырысы өткізілді.

Кеңес отырысында үш мәселе қаралды:
— Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырылып жатқан жобаларды қалыптастыру барысында тұрғындар ұсыныстарының ескерілуі және әлеуметтік проблемалардың назарға алынуы туралы.
— Балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы.
— Қалаға қарасты кенттер мен ауылдық округтердегі үкіметтік емес ұйымдар секторын дамыту және олар бойынша атқарылған жұмыстар туралы.
Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша кент, ауылдық округ әкімдеріне және дербес бөлім басшыларына тапсырмалар берілді.

Мұндай ұйымдардың қызметі азаматтардың бойында жауапкершілік пен өзара қолдау сезімін қалыптастырады. Сонымен қатар олар өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуге мемлекетпен бірлесе атсалысады. ҮЕҰ-дың белсенді жұмысы мемлекеттік бағдарламалардың тиімді орындалуына ықпал етіп, жергілікті қоғамдастықтың дамуына серпін береді.

БӨЛІСУ