БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ОБЛЫСТЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Аймақтың бас дәрігері Искаков Олжас Ермекұлы Жаңақорған ауданына жұмыс сапарында аудандық аурухана жұмысымен танысқан соң облыстық оңалту орталығындағы күрделі жөндеу жұмысы барысымен танысты.

Оңалту орталығының жұмысымен танысу барысында басқарма басшысы орталық төсек-орны жұмысын күшейтуге және жылдық қаржы көлемін тиімді игеруге, мекемені газдандыруға байланысты жобалық-сметалық құжаттарды шұғыл аяқтауға тапсырма берді.

Жалпы облыстық оңалту орталығы қазіргі таңда оңалту емінің ІІІ кезеңі бойынша 3 жыл көлемінде нейрохирургиялық-неврологиялық (инсулттан кейінгі жағдай), кардиологиялық-кардиохирургиялық, травматологиялық-ортопедиялық аурулары бар науқастарды оңалтуға арналған орталық болып табылады.
Оңалту орталығы науқастарға қажетті барлық медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Атап айтар болсақ, ем-шара бөлмелері, үгу (массаж), ингаляция, физиотерапиялық емдеудің барлық түрі, емдік физкультура бөлмелері, фитобочка (емдік шөппен емдеу), тұзды шахта жұмыс жасайды. Науқастарға арналған палаталарда теледидар, тоңазытқыш қарастырылған және 80 науқас бір мезгілде тамақ ішуге арналған асхана қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар науқастар бос уақытын тиімді пайдалануға арналған шахмат, дойбы, нарда столдары мен кiтапхана бар.

БӨЛІСУ