ҚЫЗЫЛОРДАДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Қызылорда қаласындағы білім беру ұйымдары басшыларының 2025–2026 оқу жылына арналған кезекті алқа мәжілісі Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің мәжіліс залында өтті. Жиынды қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Мәжитқызы ашып, жүргізді.

Алқа мәжілісінде білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен бірінші тоқсанның қорытындысы талқыланды.
Күн тәртібі бойынша орта білім беру ұйымдарындағы білім сапасы және І тоқсан қорытындысы, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы жауапты мамандар баяндады. Сонымен қатар білім саласындағы байқаулар мен олимпиадалардың өткізілуі, халықаралық зерттеулерге дайындық барысы, «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулі арқылы кадр қабылдау мәселелері сөз болды.
Жиын барысында қала мектептеріндегі тәрбие, бақылау және алдын алу шараларының маңыздылығы атап өтіліп, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Қалалық білім бөлімінің басшылығы оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, білім сапасын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарының басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Алқа мәжілісі білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, келешек кезеңдегі жұмыс бағыттарын айқындады. Қызылорда қаласының білім беру ұйымдарына жүктелген тапсырмалар білім сапасын арттыруға, тәрбие жұмыстарының тиімділігін нығайтуға және педагогикалық кадрлармен жұмыс барысында заң талаптарын сақтауға бағытталған.

БӨЛІСУ