Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, мүлік және көлік салығының орындалу барысы, кәсіпкерлік субъектілерін заңды түрде тіркеу жұмыстары, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес салынған айыппұлдардың өндірілу мәселелері талқыланды.
Аудан әкімі жауапты сала басшыларына әр бағыт бойынша нақты тапсырмалар беріп, жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ескертті.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі