Бүгінгі таңда қоғамның ең ауыр жарасы — нашақорлық. Бұл дерт адам өмірін улап қана қоймай, болашақтың шамын сөндіретін қара бұлт іспетті. Есірткі адамды өз тұңғиығына тартып, ерік-жігерін әлсіретіп, арман мен мақсатты ұмыттырады.
Нашақорлық — тек жеке адамның қасіреті емес, тұтас ұлттың трагедиясы. Ол отбасыларды бүлдіреді, достықты үзеді, қоғамның тыныштығын бұзады. Сондықтан бұл індетке қарсы тұру — баршамыздың азаматтық парызымыз.
Жастар – елдің ертеңі. Әрбір жас өз өмірін бағалап, салауатты өмір салтын ұстануы қажет. Спортпен айналысу, пайдалы іспен шұғылдану, армандарға ұмтылу – нашақорлыққа қарсы ең мықты қару. Есірткі ұсынған жалған “бақыттың” артында тек қараңғылық, қайғы мен өкініш бар.
Қоғам болып бірігіп, түсіндіру жұмыстарын күшейту, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру – әр ата-ананың, әр ұстаздың міндеті. Таза сана, нық ерік, биік мақсат – бұл дертті жеңудің кілті.
Нашақорлық – өмірді ұрлайды, ал салауатты өмір – болашаққа жол ашады!
Нашақорлыққа — жол жоқ! Салауатты өмірге — қолдау көп!
Әліби Серікқалиев
Арал қаласы №292 орта мектептің 9-сынып оқушысы