“Моно және шағын қалаларды дамыту” бағдарламасы арқылы өткен жылы бастау алған Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесінің автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстарына РБ-976,146 млн.тг,(К. Өтенов, М. Мәметова, Т. Бөріқұлов, А. Төлегенұлы,М. Дулатов, К. Сәрсенбаев, Қ. Сәтбаев)7 көшенің автомобиль жолының құрылысына РБ-207,541 млн.тг. бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы арқылы іске асып жатқан Жақсықылыш кентінің көшелерінің (12 көше) автомобиль жолдарының құрылысына РБ-316,493 млн.тг қаржы бөлініп құрылыс жұмыстары бастау алды.
Сонымен қатар жаңадан басталған Сексеуіл кентінің ішкі көшелерінің автомобиль жолын орташа жөндеуге ОБ-243,825 млн.тг.бөлініп, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Жақсықылыш кентінің ішкі көшелерінің автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына ОБ-83,948 млн.тг,Қаратерең елді мекенінің ішкі көшелерінің автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына ОБ-96,826 млн.тг.және Қосжар елді мекенінің ішкі көшесінің автомобиль жолын орташа жөндеуге ОБ-60,41 млн.тг.қаржылары толықтай бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі Жайлы мектепке инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізу (автомобиль жолының құрылысы)аудандық бюджеттен 43,0 млн. теңге қаржы бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Жол жүрісін қамтамасыз ету
Бөлім тарапынан аудан көлемінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында келесідей шаралар атқарылуда.
Жалпы аудан бойынша 972 жана жол белгісі, 35 дана жасанды жол кедергісі болса, оның ішінде Арал қаласында 690 жол белгісі, 41 дана жасанды жол кедергісі орнатылған.
Жыл басынан бері, «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 23-бабына сәйкес, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган (аудандық полиция бөлімі) тарапынан бүгінгі күнге барлығы 85 нұсқама берілген болса, оны орнату бойынша тиісті жұмыстар жасалуда.
Арал қаласы бойынша жол қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында, ағымдағы жылы аудандық бюджеттен 16,7 млн.тгқаржы қаралып, оған 420 дана жол белгілеріорнатылды. Арал қаласына жасанды жол кедергілерін жаңарту бойынша аудандық бюджеттен 0,7 млн.теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Сонымен бірге, 14,8 млн.теңгеге қаладағы 70 шақырым болатын асфальт қабатымен жабдықталған көшелерге жол сызбаларымен жаяу жүргіншілер жолына көлденең жолақ сызбалары сызылды.
Бұдан бөлек, аудандық маңызы бар жолдарға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп 50 дана жол белгілері орнатылды.
Сонымен қатар, кентішілік жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, аудандық бюджеттен қаралған3,0 млн.теңгегеСексеуіл және Жақсықылыш кентінде 50 дана жол белгілері орнатылатын болады.
Бұдан бөлек, аудандық бюджеттен бөлінген 118,2 млн.теңгеге11500 шаршы метрді құрайтын қала көшелері мен аудандық маңызы бар автожолдар ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Сондай-ақ, қала көшелерінің сорлы аймақта орналасқан, көлік қатынасына кедергі келтіретін көшелеріне құм аралас қиыршық тастар төгіліп көлік қатынасы жолға қойылды.