БАЛЫҚ ЭКСПОРТЫНДА ӨСІМ БАР

Аудан жылдық қуаттылығы 23900 мың тоннадан астам 9 балық өңдеу зауыттары жұмыс істейді.

Балық аулау кезеңі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен келесі жылдың 1 шілдесіне дейін есепке алынады, сондықтан 2025 жылдан 2026 жылға дейін, Кіші Арал теңізінен 5949 тонна, болып бекітілген.

(2024 жылдың 1 шілдесінен, 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін балық аулау лимиті 6362 тонна болып бекітілген).

Ауланған балық бекітілген лимитке сәйкес, толық игеріліп отыр.

Өңделген балық 01.09.2024 жылға – 2847 тонна, 01.09.2025 жылға – 4731 тонна.

Өңделген балық 1884 тоннаға артық өңделіп, 166,2 пайызға орындалған.

Балық экспортты шет мемлекетке экспортталып 01.09.2024 жылға – 1691 тонна, 01.09.2025 жылға – 1948 тонна болса, 257 тоннаға артық экспортталып 115,2 пайызға ұлғайып отыр.

«Қамыстыбас балық питомнигі РМҚК» кәсіпорны және қарасты «Тастақ» бөлімшесі тарапынан Кіші Арал теңізі мен теңізге жақын орналасқан балық шаруашылығына маңызы бар су айдындары мен учаскелерін балықтандыру мақсатында балық шабақтарын өсіруде.

Бұдан басқа, «Жамбыл» өндірістік кооперативі, Ақшатау елді мекенінде балық дернәсілдер (личинкалар) шығаратын инкубациялық цех жұмыс жасауда.

Цехтан шыққан дернәсілдер (личинкалар), қазіргі таңда жергілікті су қоймаларын балықтандыру жұмысын іске асырып келеді.

Осыған сәйкес, «Арал Рыбторг» ЖШС-гі Аманөткел елді-мекенінен қуаттылығы жылына 15-20 миллион шабаққа арналған инкубациялық цехты құру бағытында жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі күні, ауданда тауарлы балық өсіру дамып келуде. «Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы» бекітіліп. 7 тауарлы көліміз тізімге енгізілді.

Қазіргі таңда тауарлы балық өсірумен 16 шаруашылық айналысуда.

Оның ішінде: 7-көл тауарлы балық өсіру шаруашылығы, 8-тоған шаруашылығы және 1-түйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары арқылы балық өсіру жұмыстарын жүргізуде.

БӨЛІСУ