АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МЕЖЕЛІ ІС

Арал ауданы бойынша ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 440,9 млн.теңгені құрап 3,9 есеге орындалса, тамақ өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі — 1 млрд. 327 млн. теңгені  құрап 8 есеге орындалды.

Аудан бойынша 2025 жылға 1 000 гектар жерге егіс егу жоспарланды.

Оның ішінде: 6,5 гектар картоп, 58 гектар көкөніс, 312,5 гектар бау-бақша, 623 гектар мал азығы (386 гектар ескі жоңышқа, 237 гектар жаңа жоңышқа).

983,8 гектар жерге 5,5 гектар картоп, 51,6 гектар көкөніс, 186,7 гектар бақша, 354 гектар жаңа жоңышқа және 386 гектар ескі жоңышқа дақылдары орналастырылды.

Су үнемдеу технологиясын пайдалана отырып, Сексеуіл кенті, Ақирек, Аманөткел, Жаңақұрылыс, Бекбауыл ауылдық округтерінде барлығы 240 гектар жерге егіс орналастырды.

Бұдан бөлек, Аманөткел ауылдық округіндегі «Camel Pro» ШҚ-ғы жоңышқа дақылдарын дайындау мақсатында 16 дана жаңбырлатып суару қондырғысы сатып алынып, бүгінгі күнге 10 дана жаңбырлатып суару қондырғысын орнату жұмыстары аяқталды. Қалған қондырғыларды орнату жұмыстарын толығымен осы жылдың қараша айында аяқтап және 200 гектар жерге күздік жоңышқа дақылдарын егуді жоспарлап отыр.

Егілген ауыл шаруашылығы дақылдарынан яғни, 5,5 гектар картоптан 52,2 тонна өнім (орташа өнімділігі 95 ц/га), 51,6 гектаркөкөністен 670,8 тонна өнім (орташа өнімділігі 130 ц/га), 186,7 гектар бақшадан 2389 тонна өнім (орташа өнімділігі 128 ц/га), 503 гектар жоңышқадан 1258 тонна өнім (орташа өнімділігі 17 ц/га) өнім алынды.

Осы егілген егістің 126,8 гектары шаруа қожалығында, 346 гектары заңды тұлғаларда және 511 гектары жеке тұрғындарда.

БӨЛІСУ