Қызылорда қаласының коммуналдық саласында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, жыл басынан 27 көшеге жол құрылысын салу және
3 көпір құрылысын салу жұмыстары жоспарланып, қазіргі таңда 23 көшеде және 3 көпір құрылысы аяқталды. Қалған 4 көшеде (Шоқай, Есімхан, Әбдіразақов, Қалдаяқов) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қала көшелерін күтіп ұстау жұмыстары бойынша мердігер «Алем Транс Жол» ЖШС арқылы 14 көшеге толыққанды асфальт төсеу жұмыстары және қала көшелерінің бұзылған асфальт қабаттарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
Қызылорда қаласындағы Тұңғыш Президент паркін қайта жаңғырту жұмыстарына облыстық және қалалық бюджеттен 23,4 млрд. теңгеқаралып, «Alem Qurylys AQ» ЖШС арқылы жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі таңда 11,2 млрд теңгеқаржы игерілді.
Қызылорда қаласындағы аттракциондар паркін қайта жаңарту жұмыстарына облыстық және қалалық бюджеттен 6,5 млрд. теңгеқаралып, «Alem Qurylys AQ» ЖШС арқылы жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі таңда 6,3 млрд. теңгеқаржы игерілді. Нысан толығымен аяқталған.
Қызылорда қаласы, Қорқыт ата атындағы саябағын аббаттандыру жұмыстарына облыстық және қалалық бюджеттен 1,1 млрд. теңгеқаралып, «Астана-Сервис» ЖШС» арқылы жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі таңда қаржытолығымен игеріліп, нысан қабылдауға берілді.
Қызылорда қаласындағы көп қабатты үйлерді абаттандыру жұмыстарына облыстық және қалалық бюджеттен 315,3 млн. теңге қаралып, «Азамат құрылыс» ЖШС арқылы жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі таңда 253,8 млн. теңге қаржы игерілді.
Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын күрделі жөндеу жұмыстарына қалалық бюджеттен 1,3 млрд.теңге қаралып, «Еңбек» РМК арқылы жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі таңда
300,0 млн. теңге қаржы игерілді (20 ойын алаңы).
Қызылорда қаласындағы коммуналдық шаруашылық нысандарын күтіп ұстау және қызмет көрсетуге қалалық бюджеттен 702,4 млн.теңге қаралып, 600,9 млн. теңге қаржы игеріліп, мердігер «РеалСтройСнаб» ЖШС—мен жұмыстар үздіксіз жүргізілуде.
Қызылорда қаласын безендіру мақсатында жарық диодтар және ЛЭД экран орнату жұмыстарына 101,8 млн. теңге қаржы қаралып, «РеалСтройСнаб» ЖШС—мен жұмыстар толығымен аяқталды.
Қызылорда қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 75 дана контейнерлерді орнатуға 119,7 млн. теңге бөлініп, «Зеленстрой» ЖШС мен жұмыстар толығымен орындалды.
Қызылорда қаласындағы көпір асты, әуежай аумағындағы газондарды және бейіттерді қоршау жұмыстарына 100,0 млн. теңге қаржы қаралып, жұмыстар толығымен аяқталды.
Ағымдағы жылы 20 тұрғын үйді линеарлы панельдермен қаптау үшін 1,0 млрд.теңгеқаралып, жұмыстары басталды (Мердігер мекемесі: «Еңбек» РМК, Техникалық қадағалаушы: «Қызылорда технадзор» ЖШС, Жобалаушы: «KZO Project» ЖШС).
Бүгінгі күні, 5 тұрғын үйлердің қасбеттері қапталып болды. Одан бөлек 369,8 млн.теңгеге қала аумағындағы 34 тұрғын үйлердің шатырларын жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын.
Бүгінгі күнге дейін 282,5 млн.теңгеқаралып, аталған тұрғын үйлердің шатырлары толық қайта жаңғыртылды (87,3 млн.теңге қаржы күтілуде).
2025 жылы басында ыстық сумен қамтылатын 236 үйге республикалық бюджеттен 5 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Бұл қаржыға 61 түрғын үйлерде жұмысты бастау үшін мердігер мекеме анықталып, бүгінгі күні өжірелерде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде (Тапсырыс беруші: «ҚЖЭО», мердігер мекеме: «ПромСтройМатериал» ЖШС).
ЖШС).
Ақпарат ретінде: Жоба аясында, тозығы жеткен ескі құбырлар жаңартылып, сапалы трассалар тартылуда. Әрбір пәтерге сумен жылуды есептейтін заманауи есептегіштер орнатылуда. Бұл шығынды нақты анықтап, тұрғындарға әділ тариф қолдануға мүмкіндік береді. Жоба аясында отандық және шетелдікөндіріс – «Danfos» және «Wilo» — ның автоматтандырылған жылу пункті (АТП) орнатылуда. Бұл ыстық су беру процесін толығымен автоматтырежимде басқаруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда: жылу энергиясын есептейді, температураны реттейді, қысымды қадағалайды, су айналымын бақылайды, төтенше жағдайларды болдырмайды.
Ойын және спорт алаңдары бойынша:
Ағымдағы жылы қала аумағындағы 20 аула ішіне заманауи балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарын салу үшін 1,3 млрд.теңге қаржы қаралып жұмыстары басталды