Байжанұлы Сартай Батырды еске алуға арналған еркін күрестен облыстық ашық турнир өтті.
1-3 қараша аралығында Арал қаласында Байжанұлы Сартай Батырды еске алуға арналған 2014-2015 және 2016-2017 жылдары туылған жасөспірімдер арасында еркін күрестен облыстық ашық турнир ұйымдастырылды.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 3 қараша күні жоғары деңгейде өтті. Шараның ресми ашылуын «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Талғат Мырзағұлұлы Қанатов жүргізіп, қатысушыларға сәттілік тілеп, осындай жарыстардың жастарды спортқа баулудағы маңыздылығын атап өтті.
Ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлегендердің қатарында грек-рим күресінен әлем чемпионы, 2024 жылғы Париж олимпиада ойындарының қатысушысы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері Айдос Сұлтанғали, Сартай батырдың ұрпақтары және «Жасұлан» шаруа қожалығының төрағасы Қожабайұлы Жасұлан болды.
Іс-шара барысында Қожабайұлы Жасұлан аудан халқының атынан Айдос Сұлтанғалиға құрмет көрсетіп, арнайы сый-сияпат табыс етті.
Турнирге Шымкент қаласы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарынан келген жас палуандар қатысып, өзара бақ сынасты. Белдесулер жоғары деңгейде өтіп, тартысты кездесулердің нәтижесінде төмендегідей жеңімпаздар анықталды:
2014-2015 жылдары туылған жасөспірімдер арасында:
27 кг – Ноян Санжар (Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы)
30 кг – Мейрамбек Раян (Түркістан облысы, Шардара ауданы)
33 кг – Мұратбек Ернар (Ақтөбе қаласы)
36 кг – Мырзабекұлы Мұхамедәлі (Арал ауданы, Сазды ауылы)
41 кг – Төлеген Дамир (Ақтөбе қаласы)
2016-2017 жылдары туылған жасөспірімдер арасында:
21 кг – Жиенәлі Дидар (Жамбыл облысы, Келес ауданы)
25 кг – Уразақов Осман (Атырау қаласы)
28 кг – Мұратжанов Нодиржан (Шымкент қаласы)
32 кг – Сұлейменов Даниял (Атырау қаласы)
37 кг – Қожабай Нариман (Арал ауданы, Сазды ауылы)
Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне демеушілік көрсеткен азаматтарға шынайы алғыс білдіріледі.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежелі диплом, медаль, арнайы жасалынған белдіктермен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Бұл турнир – даңқты бабамыз, Сартай батырдың есімін жас ұрпақтар арасында ұлықтау, дәріптеумен қатар,жас палуандардың шеберліктерін шыңдап, салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталған маңызды спорттық шаралардың бірі болды.