АУДАН ӘКІМІ ИНВЕСТОРЛАРДЫ АУДАНҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА ШАҚЫРДЫ

 Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов еліміздегі ірі инвесторлармен кездесті. Басқосуда ауданда жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Әсіресе егін шаруашылығын дамыту, егіске қолайлы жерлерді тиімді игеру сынды инвестициялық мүмкіндіктерге басымдық берілді.

 Кездесу аясында инвесторлар ауданның табиғи-климаттық, топырақтық жағдайларымен танысып, ауыл шаруашылығына қолайлы жер телімдерін көзбен көріп, зерттеп шықты.

 Аудан әкімі инвесторларға заң аясында жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.

БӨЛІСУ