ЕГІН ЖИНАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ СПОРТ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

 Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде егін жинау науқанының қорытындысы мен бұқаралық спортты дамыту, халықты дене шынықтыруға тарту және спорттық инфрақұрылымды нығайту бағытындағы мәселелер қаралды.

 Биыл 19 357 гектар күріш толық жиналып, әр гектарынан орташа 59,0 центнер өнім алынып, жалпы 1 142 063 центнер күріш қамбаға құйылды. Сонымен бірге бидай, арпа, сұлы, қант құмайы, мақсары, көкөніс және бақша дақылдарын жинау толық аяқталды.

Аудан әкімі су тапшылығы жағдайында суды аз қажет ететін дақылдарға басымдық беріп, егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстарын жалғастыру қажеттігін тапсырды.

 Жиын қорытындысымен аудан әкімі күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

БӨЛІСУ