ТҮНГІ РЕЙДТІК ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Кәмелет жасына толмағандардың құқық бұзушылығын болдырмау және олардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар тұрақты жүргізілуде.

Аралау барысында мобильді топ мүшелері заңды өкілінің қарауынсыз жүрген 3 жасөспірімді анықтап, олардың ата-аналарына ескерту жасады.

Сонымен қатар, 2 ойын-сауық орталығына кәмелет жасына толмағандарды түнгі уақытта қабылдағаны үшін әкімшілік хаттама рәсімделді.

БӨЛІСУ