Бүгін Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.

Аталған акция Қызылорда қаласында 3 аумақта, атап айтқанда А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде, Қызылжарма, Қарауылтөбе ауылдық округтерінің мәдениет үйлерінде өтті.

Іс-шараға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, жергілікті атқарушы, сонымен қатар, жеке нотариустар, сот орындаушылар, заңгерлер мен адвокаттардан құралған 50-тан астам кеңесші маман қатысты.

Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізілді.
Шара барысында мамандар 150-ге жуық азаматқа кеңес берді.
Сарапшылар неке-отбасы, мұрагерлік, тұрғын үй, еңбек, азаматтық құқық, сот шешімдерін орындау, денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, несие, жол құрылыстары, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық және тағы басқа салаларға қатысты көптеген сұрақтарға жауап берді.

БӨЛІСУ