Жақсықылыш кентінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық мәдениетін нығайту мақсатында танымдық кездесу өткізілді.
Кездесуге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің офицері Жаппасбаев Әлібек Бахытжанұлы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы арнайы қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызын түсіндіру болды.
Кездесу барысында мамандар қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамның дамуына тигізер теріс әсері мен оның алдын алу бағытындағы тиімді тетіктер туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, тыңдаушылармен ашық диалог ұйымдастырылып, кент тұрғындары өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Жиынға қатысқан азаматтар сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлде төзбеушілік таныту қажеттігін, сондай-ақ әділдік, ашықтық және адалдық қағидаттарын ұстанудың қоғам өміріндегі шешуші рөлін атап өтті.
Кездесу соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, осындай тәрбиелік және танымдық мәні зор кездесулердің алдағы уақытта да жиі өткізіліп тұруын қолдайтындарын жеткізді.
Бұл кездесу – таза, әділ және парасатты қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды бастамалардың бірі ретінде бағаланды.