СЕКСЕУІЛДЕ СЕМИНАР ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – қоғамның ортақ міндеті.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің офицері Жаппасбаев Алибек Бахытжанұлы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызының қатысуымен Сексеуіл кенті тұрғындарына арналған семинар өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және парасаттылық құндылықтарын кеңінен насихаттау болды.
Семинар барысында мамандар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері мен оның алдын алу тетіктері жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қатысушылармен ашық пікір алмасу өтіп, тыңдаушылар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Ауыл тұрғындары сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік танытып, әділдік пен адалдық қағидаттарын ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай тәрбиелік мәні зор кездесулердің жиі өткізіліп тұруын қолдады.
Бұл семинар – адалдық, әділдік және ашықтыққа негізделген қоғам құру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.

БӨЛІСУ