АҚҚЫР АУЫЛЫНДАҒЫ ЖАУЫНГЕР САБЫРБЕК ТАЙШЫҚҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН АУДАНДЫҚ ЖАРЫС ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Аққыр ауылында өткен жауынгер Сабырбек Тайшықұлын еске алуға арналған ұлттық спорт түрлерінен аудандық жарыс өз мәресіне жетті.

Тартысқа толы өткен сайыста ауданның түкпір-түкпірінен келген спортшылар қазақ күресі, гір тасын көтеру, қол күрес, қой көтеру және арқан тарту сынды ұлттық спорт түрлерінен өзара бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген спортшылар мен командалар арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жүлдегерлер қатарынан қол күрес спортынан жүлделі
І орынды –Дәдікбай Нұрлыбек (Бұқарбай батыр ауылы)
II орынды –Андрей Бекзат (Мәдениет ауылы)
III орынды – Серік Асылан (Мәдениет ауылы)иеленді.

Қой көтеруден жеңімпаз Жалағаш кентінен Ералиев Ерлан атанды.

Гір спортынан:
I орын – Төлеген Қайсар(Жалағаш кенті) ;
II орын – Ербол Әзиз(Жалағаш кенті) ;
II орын – Мажиев Ислам (Бұқарбай батыр ауылы) иеленді.

Қол күрес 70 жастан асқан ардагерлер арасында
I орын – Бицеев Цилицает(Аққұм ауылы);
II орын – Қалдыбек Шорабек (Аққыр ауылы)
III орын – Абайділдаев Таңсықбай (Ақсу ауылы)иеленді.

Түйе балуандар сайысы бойынша
I орын – Жеңiсбек Жақсыбек (Аққыр ауылы)
II орын – Әбiлхасенұлы Шыңғысхан (Жалағаш кенті)
III орын –Алпысбай Ұласхан (Ақсу ауылы) иемденді.

Қазақ күресiнен түйе балуандар сайысы бойынша Номинация иегерлері
«Жеңiске деген жiгерi үшiн» Саудабек Ерасыл (Мәдениет ауылы);
«Көрермен көзайымы» Серiк Асылан (Мәдениет ауылы);
«Үздiк жас балуан» Сарсенбай Әлинұр (Жалағаш кенті).

Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

БӨЛІСУ