АЙМАҚ ДӘРІГЕРЛЕРIНIҢ ШЕТЕЛДЕРДЕ БIЛIКТIЛIК АРТТЫРУЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

5-17 қазан күндерi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған «Денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» республикалық бюджеттік бағдарламасы облыстың штаттан тыс бас неонатологы, облыстық перинаталдық орталығы неонатология бөлімiнiң басшысы, неонатолог дәрігер Хайдарова Ләйлә Бегалықызы Түркия Республикасында кәсіби тағылымдамадан өтті.

Неонатология саласындағы қарқынды терапия бойынша мамандардың кәсіби деңгейін арттыру, жаңа туған нәрестелерді диагностикалау мен емдеудегі шетелдік тәжірибемен танысу және перинаталдық күтім жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктерін зерделеу мақсатында ұйымдастырылған оқуда Ләйлә Бегалықызы «Kocaeli Sağlık ve Teknoloji Üniversitesi» медицина университетінің клиникасында «Акушерлік-гинекология және неонатологиядағы қарқынды терапия» тақырыбы бойынша білімін жетілдірді.
Оқыту бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімдерді қамтыды. Теориялық бөлімде шала туған нәрестелерді басқару, неонатологиядағы қарқынды терапия хаттамалары мен заманауи жабдықтарды қолдану тәсілдері қарастырылса, практикалық бөлімде дәрігер клиникалық тексерулерге қатысып, әріптестерімен медициналық жағдайларды талқылап, симуляциялық орталықта «Жаңа туған нәрестелерді алғашқы реанимациялау» курсынан өтті.
Сондай-ақ, тағылымдама барысында дәрігер жаңа туған балалардың қарқынды терапиясындағы үздік халықаралық тәжірибелермен танысып, заманауи жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірiп, Түркияның жетекші мамандарымен кәсіби байланыс орнатты.
Мұндай тәжірибе неонатолог дәрігерлердің кәсіби дамуымен қатар, аймақтағы нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға үлес қосары сөзсіз.

БӨЛІСУ