Бүгін аудандық Руханият орталығында аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов «Тәрбие негізі – ұлттық құндылықта» атты облыстық семинарға қатысушы ардагер ұстаздарды күтіп алды.
Облысымыздың әр өңірінен жиналған ардагер ұстаздар ауданымыздың Руханият орталығын аралап, оның ішінде аудандық өлкетану музейін, ардагерлер кеңесін, үкіметтік емес ұйымдар қызметін, қоғамдық келісім мен әйелдер кеңесінің жұмыстарымен танысты.
Кездесу барысында ардагер ұстаздар орталықтағы тарихи жәдігерлермен, аудан тарихынан сыр шертетін құнды мұралармен танысып, рухани құндылықтардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы туралы пікірлерімен бөлісіп, ауданымызда атқарылып жатқан игі істерге оң бағасын берді.