ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында өңірде бірқатар маңызды жобалар қолға алынды. Құны 11 млрд теңге болатын «Сыр жұлдыздары» академиясы мен Жаңақорған, Жалағаш, Шиелі аудандарында 3 млрд. теңгеден астам қаржыға салынған Оқушылар үйі мен Өнер мектептері өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуға қызмет етуде.

2024 жылы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қолдауымен Қызылорда қаласында 2,5 млрд теңгеге заманауи 350 орындық Оқушылар сарайы ашылды. Сонымен қатар, «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен 4,8 млрд теңгеге жаңа Музыкалық колледж ғимараты жатақханасымен бірге салынып, пайдалануға берілді. Бұл білім ордалары шығармашыл жастарға сапалы білім мен қолайлы жағдай ұсынуда.

Қазіргі таңда қайта жаңғыртылып жатқан Президент саябағында құны 10 млрд теңге болатын, жылдың төрт мезгілінде үздіксіз жұмыс істейтін 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері салынуда. Бұл жоба балалардың тек білім алып қана қоймай, демалысын тиімді өткізуіне және жан-жақты дамуына зор мүмкіндік береді.

БӨЛІСУ