ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІНДЕ ЗАМАНУИ ҮЛГІДЕГІ МОНША ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

Жаңақорған кентінің тұрғыны, жеке кәсіпкер «Айдын», Бименов Нұрлыбек Елесбекұлы 2023 жылы «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымынан 6% жеңілдетілген мөлшерлемемен 25 млн. теңге несие алған. Несие қаражатына кәсіпкер заманауи үлгідегі монша құрылысын салып, оған қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған.

Бүгінде монша бір уақытта 25-30 адамға дейін қызмет көрсете алады.

— «Көптен бері халыққа қажетті, тұрақты табыс әкелетін кәсіп бастағым келді. Бұл жобаны жүзеге асыруыма үлкен қолдау көрсеткен «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымына алғысым шексіз. Қаржылай қолдаудың арқасында кәсібімді бастап, арманымды іске асырдым. Ең бастысы – тұрғындарға қызмет етіп, ауылдастарымды жұмыспен қамтып отырмын. Монша – тек бизнес емес, бұл – тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға қосқан үлесім. Алда қызмет түрлерін кеңейтуді жоспарлап отырмын», – дейді жеке кәсіпкер Нұрлыбек Бименов.

Кәсіпкер жоба аясында 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған, ал болашақта қызмет аясын кеңейтіп,, қосымша жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

Кәсіпкерлік мақсатта мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алуға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымына хабарласа аласыздар. Байланыс телефоны: 8 / 7242 / 40-03-60, 40-02-37

«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржылық орталығының баспасөз қызметі

БӨЛІСУ