ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ «ҮЛГІЛІ ЕЛДІ МЕКЕН» БАЙҚАУЫНДА «ҮЛГІЛІ АУДАН»НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ІІ ОРЫН ИЕГЕРІ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Еңбек күні қарсаңында Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында өткен «Адал еңбек – адал азамат» атты салтанатты шараға қатысып, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Үлгілі елді мекен» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Конкурстың «Үлгілі аудан» номинациясы бойынша екінші орынмен Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті марапатталып, ауданға қалдық тазалаушы көлік, ассенизатор машинасы және жер қазатын трактор сынды 3 техника табысталды.

Ал, тірек және серіктес елді мекендер санатына кірмейтін ауылдардың абаттандыру жобаларын қаржыландыру бойынша ауданға қарасты Бозкөл ауылдық округіне 15 млн.теңгенің арнайы сертификаты табысталды.

БӨЛІСУ