Бектас Нуридиновтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі көшпелі комиссия отырысы өтті.
Аталған жиынға комиссия мүшелері, аудандық прокуратура, Жаңақорған аграрлы-техникалық колледж студенттері және тиісті мекеме басшылары қатысты.
Комиссияның күн тәртібінде:
1. «Қауіпсіз мектеп тасымалы және білім беру ұйымдарындағы «Қауіпсіз мектеп» акцияларының ұйымдастырылуы туралы» — Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің маманы Т.Сыздықов және Жаңақорған аудандық полиция бөлімі, Жергілікті полиция бөлімшесінің Ювенальды полиция тобының инспекторы М.Мақсұтов хабарлама жасады.
2. «Кәмелеке толмағандардың (темір жол, өрт, су) қауіпсіздігі туралы» — Жаңақорған станциясы желілік полиция бөлімшесі бастығы Д.Абдукаримов және Жаңақорған Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Ш.Жәдіков хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар жүктелді. Колледж студенттеріне құқық бұзушылық, лудомания, бұзақылықтың зардаптары туралы ақпараттық видео роликтер ұсынылды.