СОТТАЛҒАНДАР ҚҰС БАҒУДА

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде сотталғандарды жұмыспен қамту жүйелі түрде жолға қойылған. Қазіргі таңда мекеменің өндірістік аймағында 17 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істеп, 500-ден аса сотталған түрлі салада еңбекпен қамтылып отыр.

Соның ішінде үй құстарын өсіру ісі де қолға алынған. Мекемеде қаз, үйрек және тауық бағыла бастады. Жеке кәсіпкер Орынбасар Тұрғанбекұлының айтуынша, ол бұған дейін мекеме аумағындағы дәнекерлеу цехында қоршаулар мен пескоблок өнімдерін шығарумен айналысып келген. Енді құс шаруашылығын да қатар дамытып отыр.

– «Қаз өсіріп, көбейтіп сатуды жоспарлап отырмын. Құстың еті де, жұмыртқасы да халыққа пайдалы. Бұл жұмысқа 5 сотталғанды тартып, еңбекпен қамтып отырмын», – дейді кәсіпкер.

Ал сотталғандардың бірі құс өсіру ісіне ризашылығын білдірді:
– «Жалақы алып, отбасымдағы балаларға көмектесемін. Бала кезімізде өзіміз де тауық, үйрек, қаз бақтық. Бұл біз үшін қиын емес, қайта еңбекке араласқаныма қуаныштымын», – деді ол.

Осылайша, ҚАЖ мекемесінде сотталғандардың уақытын тиімді өткізіп, еңбекпен қамту арқылы олардың әлеуметтік бейімделуіне мүмкіндік жасалуда. Құс шаруашылығы – алдағы уақытта кеңейіп, табысты бағыттардың біріне айналуы күтілуде.

БӨЛІСУ