Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев қатысып, №135 мектептің алдында орналасқан ақынның бюстіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Одан кейін көгалды алаңда ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылып, қолөнер шеберлері мен күзгі өнімдер көрмесі көрсетілді. Жыраулардан шыққан арнаулар қонақтарға арналып, ауыл әжелері арнаған тойбастар әндері мерекелік көңіл-күйді сыйлады.
Балабақша бүлдіршіндері ақынның мысалдарынан қойылымдарын қойып, ақынның шығармашылығынан терең ой мен мәнге толы үзінділерді сахналанды.
Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы музейге экскурсиялар ұйымдастырылып, экскурсиялар барысында келушілер ақынның шығармалары, оның әдеби мұрасы және тұлғалық ерекшеліктері туралы тың деректермен танысты. Сонымен қатар, «Қырғи тілді – ақынам» атты облыстық сатирик ақындар мүшайрасы және «Сатираның сәйгүлігі» атты карикатура суретшілерінің сайысы өтіп, жеңімпаздары марапатталды.
Шараның соңында ауыл өнерпаздары концерттік бағдарламамен ұласты. Бұл іс-шара ақын Асқар ақынның шығармашылығына деген құрметті арттырып, оның мәдени мұрасын сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізуге үлкен үлес қосары сөзсіз.