Тереңөзек кенті Аманкелді Иманов көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлер ауласын абаттандыру жұмыстары 2024 жылы басталды.
Республикалық бюджеттен 60 млн теңге бөлініп, бірқатар жұмыстар жасалды.Биылғы жылға аудандық бюджеттен 45 млн теңге қаражат бөлініп, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары жалғасын табуда.
Жоба бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің жол жиегіне бордюрларын жаңарту, балалар ойын алаңы, тренажер, футбол алаңы және аула ортасына тынығу аллеясымен, жолдардя асфальттау жұмыстары қарастырылған.