«ҚЫЗЫЛОРДА СУ ЖҮЙЕСІ» МЕКЕМЕСІНІҢ ТЕЛЕГРАМ БОТ КАНАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қала тұрғындары енді ауыз суға берешегі бар, жоғын немесе артық төлем жасағанын онлайн біле алады. Сондай-ақ, бот арқылы алыс-беріс актісін көре алады.

Алдымен ұялы телефоныңызға телеграм мобильді қосымшасын жүктеп аласыз. Одан кейін арнайы логин немесе QR код арқылы Қызылорда су жүйесінің телеграм ботына қосыласыз.

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барлық салаға енгізуді тапсырған болатын. Су жүйесіндегі мұндай цифрлық қызмет тұрғындардың уақытын үнемдеп, жедел ақпарат алуына мүмкіндік береді.

БӨЛІСУ