ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІ АСТАНА ТӨРІНДЕГІ ЖӘРМЕҢКЕДЕ

Астана қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің екі күндік жәрмеңкесі басталды. Жәрмеңке «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы Қарқаралы тас жолында өтуде.

Елорда төріндегі жәрмеңкеге Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдері де жеткізіліп, арқа төріндегі ағайынға тиімді бағада ұсынылуда. Әсіресе брендке айналған «Қазалы» конфеті мен қауын-қарбыз, бау-бақша және балық өнімдері көпшіліктің сұранысына ие болуда.

Еліміздің бас қаласында өтіп жатқан жәрмеңкеге Қазалы ауданынан барлығы 37 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері апарылды. Нақтырақ айта кетсек, күріш өнімі 10 тн, балық өнімдері 8,5 тн, сүт өнімдері 2,5тн (сүт, айран, сүзбе, қаймақ, құрт), 1 тоннадан астам Қазалы конфеті және басқа да бау-бақша өнімдері жеткізілді.

Айта кетейік, Арқа төріндегі жәрмеңке ертеңде жалғасатын болатын.

БӨЛІСУ