БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізу 2010 жылдан бастап  дәстүрлі шараға айналды.  Ол 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық акциясы шеңберінде өтеді.

Акция мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасының балаларына оқу жылына мектеп жабдықтарын сатып алуға көмектесу.

«Ауыл» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты  Қанат Тасболатұлы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында оқушыларға мектеп формасы мен оқу құрал-жабдықтарын табыстады.

БӨЛІСУ